Түркияда танымал қонақ үй өртеніп, он адам қаза тапты

Кеше, 19:04
196
Бөлісу:
Түркияда танымал қонақ үй өртеніп, он адам қаза тапты

21 қаңтарға қараған түні Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау-шаңғы курортының аумағында орналасқан Grand Kartal қонақ үйі өртке оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ El.kz-ке сілтеме жасап.

Кероглу тауының шыңында орналасқан қонақ үйдегі өрттен 10 адам қаза тауып, 32 адам жарақат алған.

Қайтыс болғандардың екеуі эвакуация кезінде биіктен құлаған.

Куәгерлердің айтуынша, өрттің тез тарағаны соншалық, жоғары қабаттардағы қонақтар шыға алмай қалған. Кейбіреуі терезеден секірген.

Карталкая – Түркияның солтүстік-батысындағы тау-шаңғы курорты.

Провинция губернаторы Абдулализ Айдынның сөзіне қарағанда, көз жұмғандардың барлығы Түркия азаматтары.

Өзгелердің жаңалығы