Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркияда тағы да жер сілкінісі болды

28 Маусым 2023, 00:20
1640
Бөлісу:

4,1 баллдық жер сілкінісі Түркияның шығысындағы Элязиг провинциясында тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Табиғи апаттарды жою басқармасының (AFAD) мәліметінше, жер асты дүмпулері Сивирч ауданында жергілікті уақыт бойынша 15:40-та (Астана уақыты бойынша 18:40-та) тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы 4,99 шақырым тереңдікте болғандығы да нақтыланады.

Айта кетсек, 19 маусымда Түркияның Адана провинциясында 4 баллдық жер сілкінісі тіркелген болатын.

Өзгелердің жаңалығы