Табиғи апат салдарынан Шанлыурфада 11, Адыяманда 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Адыяманның Тут ауданында толассыз жауған жаңбыр нәтижесінде бақшаға орнатылған контейнерді су алып, 2 адам қаза тапты, ал 1 адам із түзсіз жоғалып кетті. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Қазіргі уақытта 163 адамнан тұратын 10 топ 25 шақырымдық жолақта іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуде, сонымен қатар сүңгуірлер де жұмылдырылған. Алайда қолайсыз ауа райы мүмкіндік бермей жатыр, - деді Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу.
Метеорология мамандары зілзала аймағындағы су тасқыны бүгін түнге дейін жалғасатынын ескертті.