Түркияның Алания аумағында туристер мінген микроавтобус жол апатына ұшырады. Сыртқы істер министрлігі көлікте ел азаматтары болғанын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін таңертең Алания тасжолында микроавтобус пен жүк көлігі соқтығысып, жол-көлік апаты болды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар. Алдын ала алынған мәліметке сәйкес, автобуста Қазақстан азаматтары болған. Оқиғаның барлық мән-жайы мен біздің азаматтарымыздың жағдайын анықтау үшін ҚР консулы аталған өңірге шұғыл түрде жолға шықты, - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, туристер мінген автобус экскурсияға шыққан. Алайда автобус жолда жүк көлігіне соғылып, салдарынан бірнеше адам зардап шеккен. Осыдан кейін әртүрлі жарақат алған 6 адам ауруханаға жеткізіліп, оларға тиісті көмек берілді.