Түркияда қайтыс болған екі қазақстандықтың денесі Алматыға жеткізілді

Түркияда қайтыс болған қазақстандықтар Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің денесі 11 ақпан күні кешке Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

12 Ақпан 2023 2023, 11:32
АВТОР
 Риа Новости 12 Ақпан 2023 2023, 11:32
12 Ақпан 2023 2023, 11:32
1452
Фото: Риа Новости

Түркияда қайтыс болған қазақстандықтар Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің денесі 11 ақпан күні кешке Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Түркиядан жер сілкінісі кезінде қайтыс болған жерлестеріміздің денесі Антакиядан Анталияға жеткізіліп, 11 ақпан күні кешке Алматыға жеткізілді.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мемлекет тасымалдау бойынша барлық шығынды өз мойнына алғанын айтты. 

Біздің консул Сабина Мамадьяроваға барды, оның денсаулығы жақсы. Оның жарақат алған қолына ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, әлі біраз уақыт олардың бақылауында болуы керек, - деді Смадияров.

Наверх