Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 8 тамыз күні сағат 11:39 болған. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.
Түркияда Эгей теңізінің жағалауында 4,8 магнитудалы жер сілкінісі болды. Түркия үкіметінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы хабарлағандай, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 8 тамыз күні сағат 11:39 тіркелген.
Жер сілкінісінің эпицентрі Кушадасы айлағынан 8,19 км жерде болған. Жер асты дүмпулер ошағы 18,47 км тереңдікте орналасқан.