Түркияда психикалық ауру түрі көбейді

8 Наурыз 2023, 06:33
2755
Бөлісу:
Түркияда психикалық ауру түрі көбейді
Фото: inform.kz

Түркияның Кайсери қаласында жарты сағат ішінде 4 рет жер сілкінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы 24.kz жазды.

Кайсери – Анадолы өңірінде орналасқан шаһар. Зілзала түс ауа, яғни сағат 3-ке таман басталған. Қуаты 4,7 балға дейін жеткен. 

Әзірге адам шығыны немесе зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Дегенмен, қазірдің өзінде қаладағы 600- ге жуық апатты ғимаратты бұзу туралы шешім шыққан. 

Тағы бір жайсыз хабар. Жер сілкінісі тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізіп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, апатты аймақтардағы адамдар арасында "вертиго", яғни бас айналып құлау, "психикалық ауытқу" сияқты ауру түрлері көбейген.

Өзгелердің жаңалығы