Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркияда парфюмерия қоймасынан өрт шықты: қаза тапқандар бар

8 Қараша 2025, 19:54
324
Бөлісу:
 aydintimes.com
Фото: aydintimes.com

Түркияның солтүстік-батысындағы Коджаэли провинциясының Дильовасы өнеркәсіп ауданында парфюмерия және косметика өнімдері сақталған қоймада ірі өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті биліктің мәліметінше, өрт салдарынан алты адам қаза тауып, бір адам жарақат алған.

Таңертең тұтанған өрттің ошағы парфюмерия өндірісінде қолданылатын жанғыш химиялық заттар сақталған қойма болған. От жылдам тарап, ғимарат толықтай жалынға оранды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер, құтқарушылар, полиция қызметкерлері және Түркия үкіметінің төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасы (AFAD) қызметкерлері жетті.

Өрт толық сөндірілгеннен кейін құтқарушылар ғимараттың ішінен алты адамның денесін тапты. Бір жараланған адам ауруханаға жеткізілді. Қазір уәкілетті органдар өрттің шығу себебін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы