Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұма күні Түркияның Мұғла провинциясында Эгей теңізіндегі Мармарис курорттық қаласының маңындағы Ичмелер ауданында орман өрті шықты.
Бұл тураы Euronews хабарлады.
Екпінді желден жалын қонақүй аумағына тарады. Бұл мекеме туризм секторында жұмыс істейтін студенттерді оқытуға арналған мектеп ретінде де қызмет етеді. Сондай-ақ тұрғын үй алаптарының айналасы отқа оранды.
Өртті сөндіру үшін Мұғла аймақтық орман шаруашылығы басқармасының жасақтары мен өртке қарсы авиация – 5 ұшақ пен 7 тікұшақ жұмылдырылды.
Ал Францияда жұма күні Аркашон бассейніндегі Ла-Тест-де-Бюште 7000 гектар орманды өрт шарпыды. Жалынның таралуы қазіргі уақытта бақылауға алынған, бірақ толық сөндірілген жоқ.
Францияның биоәртүрлілік басқармасының (OFB/French Biodiversité Office) командасы Воклюз аймағындағы құрғақшылыққа байланысты суды үнемді пайдалану туралы ескерту үшін жеке адамдар мен фермерлерді аралап жүр.