Түркияда оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады: қаза тапқандар бар

Түркияның солтүстік-батысындағы Балыкесир провинциясында мектеп оқушыларын алып келе жатқан автобус ауыр жол апатына түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Report 4 Қазан 2025 2025, 16:47
4 Қазан 2025 2025, 16:47
1863
Фото: Report

Түркияның солтүстік-батысындағы Балыкесир провинциясында мектеп оқушыларын алып келе жатқан автобус ауыр жол апатына түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала мәлімет бойынша, автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапқан, тағы сегіз адам жарақат алған.

Жергілікті БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, қаза тапқандар жеңіл көлікте болған. Ал автобус жүргізушісі мен жеті оқушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында жедел жәрдем мен төтенше жағдай қызметтері жұмыс істеп жатыр. Полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға кірісті.

Наверх