Түркияның Антакия қаласында 228 сағат үйінді астында жатқан ер адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ .
Бұл туралы Хабар24 жазды.
Бұл ақпаратты Стамбұл әкімдігі жариялаған. Іздеу-құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Түркиядағы жойқын 2 зілзаладан құрбан болғандар саны 35 мыңнан асқан. Ал Сирияда 8600-ге жуық тұрғын көз жұмған.