Түркияда маймыл шешегін жұқтыру дерегі тіркелді

30 Маусым 2022, 16:05
1226
Бөлісу:
Түркияда маймыл шешегін жұқтыру дерегі тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда бірінші адам маймыл шешегін жұқтырды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлімдеді деп жазады ТАСС агенттігі. 

Иммунитеті әлсіреп кеткен 37 жастағы пациенттен маймыл шешегі анықталды. Ол оқшауланды. Індет жұқтырушының басқа адамдармен байланысы кезінде өзге жағдай анықталмаған. Бұл ауру респираторлық тұрғыда емес, тікелей байланыс нәтижесінде жұғады, - деп жазды министр Twitter-дегі парақшасында. 

Алайда ол аурудың қай қалада тіркелгенін нақтылап айтпады. 

ДДСҰ жыл басынан бері 50 елде маймыл шешегін жұқтырудың 3412 зертханалық расталған жағдайы мен 1 өлім тіркелгені туралы ақпараттық бюллетень жариялаған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы