Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркияда күрес түрлерінен «Яшар Догу» рейтингілік турнирі басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде грек-рим күресінің балуандары кілемге шығады.
Атап айтар болсақ, 50, 60, 63, 67, 87,97, 130 келідегі спортшылар өзара мықтыны анықтайды.
Бұл күрестен өтіп жатқан маусымдағы алғашқы ірі жарыс.