Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы 24 сағат ішінде COVID-19 жұқтырудың тағы 24 792 жағдайы анықталды. Осылайша, елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 7 851 805 адамға дейін өсті. Мұндай деректерді елдің Денсаулық сақтау министрлігі жариялады.
Ал пандемия құрбандарының саны 69 112 адамға дейін өсті, олардың 195-і өткен тәулікте қайтыс болды.
Түркияда COVID-19 вирусына қарсы жаппай вакцинация 14 қаңтарда басталды. Соңғы деректерге сәйкес, бүгінгі күні вакциналардың 115 040 699 дозасы қолданылған.
Ал Африкада инфекция жұқтырудың жалпы саны 8,5 миллионға жуық, деп хабарлады Африка Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (Africa CDC). Пандемия басталғаннан бері көз жұму жағдайларының саны 216 830 адамға жетті.
Вирус жұқтырғандардың ең көп саны - Оңтүстік Африка Республикасы, Марокко, Тунис және Эфиопия өңірлерінде. Осылайша, аймақтар бойынша Оңтүстік Африка көш бастап тұр.
Екінші және үшінші орындарды Солтүстік Африка мен Шығыс Африка алады. Африка CDC деректері бойынша континенттің орталық бөлігі пандемиядан аз зардап шеккен аймақтар қатарында.