Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейсенбіде Қара теңіз жағалауындағы бірнеше түрік провинциясында қар жауды, сонымен қатар Түркияда толассыз жаңбыр жауып жатыр.
Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Кеше ауа райы керемет болды. Таңертең оянсақ, айналаны қар басқан. Бұл қыс емес, жаз, маусым айы!, - деді Ризе провинциясының Каврун Яйласы ауылының тұрғыны TRT Haber телеарнасына берген сұхбатында.
CNN Turk мәліметтері бойынша, бейсенбі күні түнде Ардахан, Ризе, Болу провинцияларының бірқатар таулы ауылында қар жауды, елдің орталығындағы Кайсери провинциясындағы Эрджиес жанартауындағы танымал тау шаңғысы курорты да қарға толды.
Түркияның батысындағы Бурса қаласының маңындағы Улудаг (Олимп) тауын бес сантиметрлік қар қабаты жауып қалды. Haber арнасының хабарлауынша, өткен аптада бұл аймақта температура +30-ға дейін жеткен еді.
Түркияның Метеорология бойынша бас департаменті Twitter-дегі парақшасында бүкіл Қара теңіз жағалауында нөсер жауатыны туралы ескертті. Сонымен қатар азаматтарды сақтық шараларын сақтауға шақырды.