Түркияда бір миллионнан астам адам вакцина салдырды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияға бүгін «Корона-Вак» екпесінің 10 миллионнан астам дозасы жеткізіледі, деп хабарлайды&nbsp;«Хабар 24».</h4>

 24 Қаңтар 2021 2021, 08:53
24 Қаңтар 2021 2021, 08:53
1774

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияға бүгін «Корона-Вак» екпесінің 10 миллионнан астам дозасы жеткізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.

Қытайлық вакцинаның 3 миллион дозасын қамтыған бірінші партиясы өткен жылдың аяғында келген болатын.

Жалпы Түркияда вакциналау науқаны 14 қаңтарда басталды. Содан бері 1 миллионнан астам адам екпе салдырған. Препаратты бірінші кезекте медицина қызметкерлері мен қарттар қабылдауда.

Айта кетейік, Түркияда індет басталғалы бері 24 мыңға жуық тұрғын қайтыс болып, 2 жарым миллиондайы коронавирус жұқтырған.


Наверх