Түркияда 7,4 балдық жер сілкінісі болды

Дүйсенбіде Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

6 Ақпан 2023 2023, 10:55
АВТОР
 TRTWorld 6 Ақпан 2023 2023, 10:55
6 Ақпан 2023 2023, 10:55
1728
Фото: TRTWorld

Түрік сейсмологтарының мәліметінше, 7,4 балдық жер сілкінісінен кейінгі дүмпулер дүйсенбі күні Түркияның көптеген аймағында, соның ішінде Анкарада да сезілді, деп хабарлайды BAQ.KZ  ТАСС-қа сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік департаменттің мәліметінге, жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де (Мәскеу уақытымен сәйкес келеді) 7 шақырым тереңдікте болған. Жерасты дүмпулері одан кейін жарты сағат бойы әртүрлі аймақта – Адана, Анкара, Анталия, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Шанлыурфада сезілді.

Сонымен қатар Al Arabiya телеарнасы жер сілкінісінің Ирак пен Ливанның кейбір аймағында да сезілгенін атап өтті.

Yeni Shafaq газетінің хабарлауынша, Түркияның кем дегенде төрт провинциясында қираған ғимараттар тіркелген. Кахраманмараш, Малатия, Шанлыурфа және Газиантеп провинцияларында үйлер құлаған.

Қазірше қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Басылым Шанлыурфа провинциясынан түсірілгене фотосуреттерге сілтеме жасай отырып, дүмпу салдарынан кем дегенде бір ғимараттың толығымен қирағанын хабарлайды.

Мемлекеттік TRT телеарнасы Түркияның оңтүстік-шығысындағы бірнеше провинциядан тікелей түсірілімдер көрсетеді. Аталған елдімекендер тұрғындары суыққа қарамастан, жер сілкінісінің қайталануынан қорқып, үйлерін тастап кетіп жатыр.

Наверх