Түркияда 4,7 балдық жер сілкінісі болды

15 Қазан 2023, 09:13
796
Бөлісу:
Түркияда 4,7 балдық жер сілкінісі болды

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы Түркияның солтүстігінде 4,7 балдық жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Орталық мәліметінше, зілзаланың орталығы 200 мыңға жуық халқы бар Болу қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 21 шақырым жерде орналасқан. Ал ошағы 3 шақырым тереңдікте болған.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат болған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы