Түркияның оңтүстігіндегі Адана провинциясында жер сілкінді, деп хабарлады BAQ.KZ inform.kz-ке сілтеме жасап.
Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының (AFAD) мәліметінше, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 06:45-те Саимбейли ауданында тіркелді.
Ошағы 7 шақырым тереңдікте.
Бұрын хабарланғандай, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болған еді (жергілікті уақыт бойынша 04:17-де – 7,7 балл және 13:24-те – 7,6 балл).
Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты.
Жойқын жер сілкінісі көршілес елдерде, соның ішінде Сирия, Ливан, Солтүстік Кипрдегі Түрік Республикасы, Грекия Кипрінде және Иракта да сезілді.