Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркияда 30-дан астам шенеунік Ыстамбұл мэрінің сыбайлас жемқорлық ісі бойынша қамауға алынды

1 Маусым 2025, 06:25
741
Бөлісу:
 pexels.com
Фото: pexels.com

Түркия билігі Ыстамбұл мэрінің сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеуінде «пара алу» және «бопсалау» баптары бойынша 47 шенеунікті тұтқындауға ордер берді, олардың 32-сі ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Habertürk хабарлағандай, ұсталғандар арасында Бүйүкчекмеже мэрі Хасан Акгюн, Газиосманпаша мэрі Хакан Бахчетепе, Авжылар мэрі Утку Джанер Чайкара, Джейхан мэрі Кадир Айдар және Сейхан мэрі Оя Текин бар.

Порталдың хабарлауынша, қамауға алу туралы санкция берілген үш күдікті қазірдің өзінде түрмеде, тағы үшеуі шетелде.

Полицейлер қазір қашып жүрген тоғыз күдіктіге қатысты жұмысты жалғастыруда.

Өзгелердің жаңалығы