Түркияда 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні пайдалануы шектеледі

Бөлісу:
Түркияда 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні пайдалануы шектеледі
Фото: архив

Түркияда 13 жасқа толмаған балалардың смартфон қолдануы мен әлеуметтік желілерді пайдалануына шектеу қойылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шара балаларды цифрлық технологиялардың теріс әсерінен қорғау мақсатында қолға алынғалы отыр. Жаңа заң халықаралық тәжірибеге негізделген. Құқық қорғаушылардың айтуынша, құжат балаларды әлеуметтік желілерде кибербуллинг, қолайсыз контентке қолжетімділік және гаджеттерге тәуелділік сияқты түрлі қауіптен сақтайды. Сондай-ақ әлеуметтік желілердің өз платформаларына жас ерекшеліктерді тексеру механизмдерін енгізіп, балалардың жеке деректерін қорғауды міндеттейді. Биыл Түркияда балалардың интернетті қолдануы 91,3%-ті құрап, рекордтық деңгейге жеткен.

Цифрлық мазмұндар уақыт өте келе балардың мінез-құлқының бұзылуына, тәуелділікке әкелуі мүмкін. Басқаша айтқанда, балалардың қалыпты өмір сүру дағдыларына зиянын тигізіп, қылмыс жасау қаупін арттыруы ықтимал. Сондықтан жасөспірімдерді әлеуметтік желілердің зиянды әсерлерінен заңдық тұрғыдан қорғауды шешілді. Бұл үшін әлемдік тәжірибелер жан-жақты зерттелді. Енді солардың нәтижелері негізінде әзірленген ұсыныстарды жақын арада қоғамдық талқылауға шығарамыз, - деді Түркияның отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Махинур Өздемир Гөкташ.

Өзгелердің жаңалығы