Түркия Қазақстанға өсімдіктердің генетикалық банкін құруға көмектеседі

23 Желтоқсан 2022, 20:25
935
Бөлісу:
Түркия Қазақстанға өсімдіктердің генетикалық банкін құруға көмектеседі

Қазақстан мен Түркияның Ауыл шаруашылығы  вице-министрлері Анкарада екі елдің АӨК-дегі өзара іс-қимыл мәселелерін  талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айта кетейік, 2022 жылы 10 қарашада Шымкент қаласында Қазақстан мен Түркияның арасында тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. Вице-министр Әбілқайыр Тамабек бастаған қазақстандық делегация аталған келісімді одан әрі іске асыру үшін Анкараға келді. 

Тараптар бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелерін талқылап, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымын өндіру және сертификаттау қызметін құру процестерін жолға қою бойынша тәжірибе алмасу жөнінде уағдаласты. 

Түркия Қазақстанға өсімдіктердің генетикалық банкін құруға көмектеседі

Сонымен қатар, Әбілхайыр Тамабек аурулар мен зиянкестерге тұқымдық талдау жүргізуде зор тәжірибесі бар Түркия Республикасының «TSUAB» тұқым өсірушілер қауымдастығы, «TMO» астық одағы мен  «TUAB» тұқымдық сертификаттау қызметінің кеңселеріне барды, - делінген ақпаратта. 

Бұған қоса, қазақстандық делегация Түркия Республикасының Ұлттық генетикалық тұқым банкінде болды. Кездесу барысында Қазақстанда осындай генетикалық банкті құру бойынша консультациялық көмек көрсету туралы келісімге келді.

Тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелері алда тұқым шаруашылығы бойынша өтетін халықаралық бизнес-форумының алаңында екіжақты кездесулер шеңберінде талқыланады деп жоспарланып отыр. 

Өзгелердің жаңалығы