Түркия Нетаньяхуға және 36 израильдік шенеунікке қамауға алу ордерін берді

Тергеу Түркияның әмбебап юрисдикция туралы заңнамасына сәйкес басталған.

 AFP (Agence France-Presse) Бүгiн 2026, 01:15
Бүгiн 2026, 01:15
125
Фото: AFP (Agence France-Presse)

Түркия прокуратурасы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен 36 жоғары лауазымды шенеунікке Газа секторындағы геноцид пен адамзатқа қарсы қылмыстар бойынша айып тағып, қамауға алу ордерін берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Hurriyet-ке сілтеме жасап.

Ыстамбұл бас прокуратурасының мәлімдеуінше, ордерлер Израильдің қорғаныс министрі Израиль Кацқа, ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирге, бас штаб бастығы Эяль Замирге және әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Давид Саар Саламаға да берілген.

Прокуратураның айтуынша, шешім 2023 жылдың қазан айынан бері Израильдің Газадағы бейбіт тұрғындарға қарсы жүйелі шабуылдарына қатысты жүргізілген тергеуден кейін қабылданған. Оның ішінде ауруханаға, гуманитарлық көмек керуеніне және тұрғын аудандарға жасалған соққылар бар. Соның салдарынан мыңдаған палестиналық, оның ішінде әйелдер мен балалар қаза тапқан.

Тергеу Түркияның әмбебап юрисдикция туралы заңнамасына сәйкес басталған. Бұл шешім "Сумуд" жаһандық флотилиясының белсенділерінің шағымдарынан кейін қабылданған. Олар Израиль күштері тарапынан заңсыз ұстау мен құқық бұзушылықтар болғанын мәлімдеген.

Прокурордың айтуынша, сот-медициналық сараптамалар мен куәгерлердің айғақтары әскери қылмыстар мен геноцидке тең әрекеттер бойынша "жеке қылмыстық жауапкершілікті" дәлелдейді.

Күдіктілер Түркия аумағынан тыс жерде болғандықтан, Ыстамбұл қылмыстық соты Түркия Қылмыстық кодексінің 76 және 77-баптарына сәйкес сырттай қамауға алу туралы шешім шығарды.

Наверх