Түркия НАТО-ға Финляндияның өтуін мақұлдады

31 Наурыз 2023, 09:29
1206
Бөлісу:
Түркия НАТО-ға Финляндияның өтуін мақұлдады
Фото: NIDS/NATO Multimedia Library

Финляндияны Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымына (НАТО) енгізу туралы хаттаманы бекіту жөнінде заң жобасы Түркияның ұлттық жиналысының бас ассамблеясында қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап.

Финляндияның НАТО-ға мүшелік етуі еуроатлантикалық қауіпсіздікке, сонымен қатар Түркияның қауіпсіздігіне септігін тигізеді, - делінген мәлімдемеде.

Енді Финляндия альянсқа  толыққанды ену үшін заңды негізге ие болды.

Еске салсақ, бұл – әскери-саяси одақ 1949 жылы құрылған. Оның мақсаты – Еуропаны КСРО-ның ықпалынан қорғау болған. Қазір одаққа 30 мемлекет мүше: 28-і Еуропадағы мемлекеттер, екеуі – сыртқы елдер (Солтүстік Америкадағы Канада мен АҚШ). Еуропа мен Америка құрлығындағы елдер Атлант мұхитының жағалауында жатқан мемлекеттер болғандықтан, одаққа Атлант атауы берілген. Атлант мұхитының солтүстік бөлігінде жатқан бұл елдер кеңес одағының басқыншылық саясаты мен жалпы ықпалынан ада болу үшін осындай ірі әскери одақ құрады. Қазір Ұйымның штаб-пәтері Брюсселде (Бельгия) орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы