Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркия мұнайды Ирак пен Қазақстаннан көбірек сатып ала бастады

3 Қараша 2025, 05:18
671
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

АҚШ пен Еуропаның Ресей мұнай секторына енгізген жаңа санкцияларынан кейін Түркияның мұнай өңдеу зауыттары шикізатты Ресейдің орнына Ирак пен Қазақстаннан жиі сатып алып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Дереккөздердің мәліметінше, әзірбайжандық SOCAR компаниясына тиесілі Түркиядағы ірі мұнай өңдеу зауыты желтоқсан айында Ирак пен Қазақстаннан төрт партия шикі мұнай сатып алған. Ал Tupras компаниясы да ресейлік емес мұнай импортының көлемін арттырып, жақын арада Ресей мұнайынан толық бас тартуы мүмкін.

Бұған дейін Ресей Түркияға тәулігіне орта есеппен 317 мың баррель мұнай жеткізсе, қараша айында Ирактан келетін көлем 141 мың баррельге дейін өсті.

22 қазанда АҚШ Ресейдің ірі мұнай компаниялары – Роснефть пен Лукойлға қарсы жаңа санкциялар енгізген еді. Вашингтон Мәскеуді Украинадағы соғысты жалғастырғаны үшін жауапты деп санайды.

Айта кетейік, Түркия Қытай және Үндістанмен бірге Ресей мұнайының негізгі сатып алушыларының бірі болып қала береді.

Өзгелердің жаңалығы