Түркия мен Латвия министрлері әскери ынтымақтастық туралы келіссөз жүргізді

29 Шілде 2022, 18:17
1197
Бөлісу:
Түркия мен Латвия министрлері әскери ынтымақтастық туралы келіссөз жүргізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар екіжақты ынтымақтастық пен аймақтық қауіпсіздікті нығайту жолдарын талқылау үшін бейсенбі күні Латвияға келді. 

Бұл туралы Латвия қорғаныс министрлігі хабарлады.

Латвияның қорғаныс министрі Артис Пабрикс түрік әріптесімен келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен баспасөз мәслихатында журналистерге Риганың Анкарамен әскери-өнеркәсіптік ынтымақтастыққа мүдделі екенін айтты.

Кездесуде екі жақты әскери-өнеркәсіптік ынтымақтастыққа қатысты бірқатар тақырыптар қозғалғанын айтқан Латвия министрі түрік әскери өнеркәсібі құрлықтағы ең күштілердің бірі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Х.Акар Латвияның қорғаныс министрімен Украинадағы жағдай туралы сөйлескенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы