Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркия мен Иран ядролық келіссөздерді қайта жандандыру мәселесін талқылады

26 Тамыз 2025, 07:12
431
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Джиддада ирандық әріптесі Аббас Аракчимен кездесті. Тараптар Иран мен АҚШ арасындағы тоқтап қалған ядролық келіссөздер процесін сөз етті, деп хабарлайды BAQ.KZ РиаНовостиге сілтеме жасап.

Иранның Еуропамен байланысы бар. Қазір АҚШ-пен келіссөздер тоқтап тұр. Мен де АҚШ мемлекеттік хатшысымен сөйлестім. Осы аясында жаңа күн тәртібін бағалау мүмкіндігіне ие болдық, - деді Фидан журналистерге.

2015 жылғы ядролық келісім АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың біржақты шешімімен бұзылған еді. Қазір Ұлыбритания, Франция және Германия санкцияларды қайта енгізу механизмін қарастыруда.

Иран өз кезегінде «еуроүштікті» мұндай қадамнан бас тартуға шақырып, егер санкциялар қалпына келсе, ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығу туралы заң жобасын қарастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы