Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркия БҰҰ-ның маңызды климаттық саммитін өткізеді

23 Қараша 2025, 16:20
478
Бөлісу:
 Report
Фото: Report

Түркия Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Рамалық конвенциясына мүше елдердің 31-конференциясын (COP31) қабылдайтын мемлекет ретінде ресми түрде жарияланды. Бұл шешім процесс қатысушыларының барлығының келісімімен қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ Haber Global-ға сілтеме жасап.

COP31 төрағалығын Анкара атқарады, ал келіссөздер барысын Австралия үйлестіреді. Ғаламдық климаттық күн тәртібіне қатысты негізгі талқылаулар 2026 жылы Антальяда өтеді.

Консенсус мәтінін құрамына Түркия кіретін БҰҰ-дағы Батыс Еуропа және басқа мемлекеттер тобы бекітті. Конференцияның дайындық кезеңі Австралияда басталады. Онда басты назар климаттық қаржыландыру мен Тынық мұхиты аймағындағы елдерге экологиялық қолдау көрсету мәселелеріне аударылады.

Түркияның қоршаған орта, қалалық даму және климаттың өзгеруі жөніндегі министрі Мурат Курум Бас ассамблеядағы сөзінде барлық елге қолдау білдіргені үшін алғыс айтып, алдағы шараның маңыздылығын атап өтті.

Жүздеген екіжақты кездесу өткіздік, ондаған елге сапар жасадық, күн сайын дипломатиялық келіссөздер жүргіздік. Нәтижесінде Түркия COP31-дің төрағасы әрі қабылдаушы елі атанды. Біз ортақ үйіміз — планетамыз үшін ең маңызды марафонды бастаймыз, — деп жазды министр Х әлеуметтік желісінде.

COP31-дің Түркияда өтуі климат, тұрақты даму және экология саласындағы жаһандық ынтымақтастыққа арналған ең ірі халықаралық шаралардың бірі болары сөзсіз.

Өзгелердің жаңалығы