Израиль президенті Ицхак Герцог Бакуде өтетін БҰҰ-ның климаттық саммитіне (СОР-29) қатысудан бас тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Milliyet басылымы таратқан мәліметке сәйкес, ондай шешімге Түркияның оның ұшағы үшін әуе кеңістігін жабуы себеп болған.
Ал Израиль тарапы президент Ицхак Герцогтың Әзірбайжандағы саммитке қатыспауын «қауіпсіздікті сақтауымен» байланыстырып отыр. Алайда әзірбайжандық сыртқы істер министрлігі БАҚ-қа Түркия израильдік президент ұшағына өзінің әуе кеңістігі арқылы өтуге рұқсат беруден бас тартуы себеп болды деп мәлімдеме жасаған.
Әзірбайжан үкіметіне жақындығымен белгілі Caliber News-тің хабарламасын зерттеген ираильдік Yedioth Ahronot газеті оларға Әзірбайжанның ресми өкілдері бұл ақпаратты растаған, - деп жазды басылым.
Түркия Израильмен қарым-қатынасты үзген болатын. Түрік президенті Режеп Тайып Ердоған болашақты оны дамыту үшін ешқандай қадам жасамайтындарын айтқан.