Түркия 40 жойғыш ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр

Түркия Eurofighter Typhoon маркалы 40 көпмақсатты жойғыш ұшақты сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Келісім Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармердің Анкараға ресми сапарының қорытындысы бойынша жасалуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ Türkiye басылымына сілтеме жасап.

 freepik.com 27 Қазан 2025 2025, 21:25
27 Қазан 2025 2025, 21:25
541
Фото: freepik.com

Түркия Eurofighter Typhoon маркалы 40 көпмақсатты жойғыш ұшақты сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Келісім Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармердің Анкараға ресми сапарының қорытындысы бойынша жасалуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ Türkiye басылымына сілтеме жасап.

Британ премьерінің сапары 27 қазанда өтеді. Келіссөздер барысында Түркия мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту, сондай-ақ өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер талқыланбақ.

Болжам бойынша, бұл келісім сапар күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың бірі болады және екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықты күшейтуге ықпал етеді.

Наверх