Түркістандықтарды алдаған алаяқ ұсталды

19 Тамыз 2023, 05:30
931
Бөлісу:
Түркістандықтарды алдаған алаяқ ұсталды
Фото: Арман Мухатов

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы мен Шымкент қаласы аумағында интернет-алаяқтықтың 10 дерегіне қатысы бар тұрғын анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ІІМ мәліметінше, күдікті әлеуметтік желіге «вахталық жұмысқа тұрғызып беремін» деген жарнама салып, жәбірленушілердің сеніміне кірген. Содан тұрғындардың ақшасын алып, өзінің таныстарының есепшотына аудартып отырған.

Келтірілген шығын 1,2 млн теңгені құрайды. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп жазды ведомстводан.

Өзгелердің жаңалығы