Түркістандықтар енді жүргізуші куәлігін оңай алады

Осыған дейін түркістандықтар жүргізуші куәлігін алу үшін Шымкентке баруға мәжбүр болатын. Енді бұл мәселе өз шешімін тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 21 Тамыз 2022 2022, 11:40
21 Тамыз 2022 2022, 11:40
2715

Осыған дейін түркістандықтар жүргізуші куәлігін алу үшін Шымкентке баруға мәжбүр болатын. Енді бұл мәселе өз шешімін тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

22 тамыздан бастап Түркістан облысының тұрғындары қаладағы «Turan-Bereke-QZ» автодромының базасында практикалық емтихан тапсыра алады. Автодромда B, C, CE, C1, D1 санаттары бойынша сынақтан өтуге мүмкіндік бар. Ал, теориялық емтиханды Сарыағаш және Түркістан қалаларында да тапсыруға болады.

Комиссия мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп практикалық емтихан қабылдайды. Емтиханды дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Түркістан қаласы Көктем көшесі, 59 А мекенжайында тапсыруға болады. Сенбі және жексенбі – демалыс, – делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы таратқан ақпаратта.

Наверх