Түркістандық жас балуан "Азия балалары" ойындарынан жүлдемен оралды

11 Шілде 2024, 13:33
294
Бөлісу:
Түркістандық жас балуан "Азия балалары" ойындарынан жүлдемен оралды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ресей Федерациясының Якутск қаласында өткен дүбірлі жарыста түркістандық балуан Құдірет Ерімбетов 38 келі салмақта бақ сынап, күміс медальды жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресей Федерациясының Якутск қаласында өткен дүбірлі жарыста түркістандық балуан Құдірет Ерімбетов 38 келі салмақта бақ сынап, күміс медальды қанағат тұтты. 

Чемпиондар мектебінің спортшысы Тәжікстан, Беларусь, Ресей, Әзербайжан елдерінің балуандарын жеңіп, финалдық белдесуде ғана қарсыласына есе жіберді.

Жеке бапкері – Асхат Орынбасаров. Балуан бұған дейін облыстың жеңімпазы, ҚР-ның 2 дүркін және халықаралық турнирлердің жүлдегері атанып үлгерген. 

Түркістанның мақтанышы Құдірет Базарбекұлы 10 жасынан бастап грек-рим күресімен айналысады. Әбдісалан Нұрмаханов атындағы ОРМБЖСМ сайыпқыраны облыс орталығындағы Жұмабек Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясында 9-сыныпта білім алады.

Өзгелердің жаңалығы