Түркістан облысында күн райы күрт суытып, қалың қар түсуіне байланысты жолдар жабылып, жол қозғалысына қиындық тудырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сондықтан, полиция қызметкерлері оқыс оқиғалардың алдын алып, жолда қалғандарға көмек қолын созу мақсатында күшейтілген күн тәртібінде қызмет етіп жатыр. 12 сағат ішінде тәртіп сақшылары қар құрсауында қалған 200-ден астам жүк көлігіне көмектесіп, қауіпсіз жүрге алып шықты.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты полицейлер алдағы уақытта да тәулік бойы жолды патрульдеп, қызметтерін жалғастыратын болады, - деді Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.