Түркістандық оқушы жасанды интеллект қосымшасын жасады

22 Қаңтар 2024, 15:52
536
Бөлісу:
Түркістандық оқушы жасанды интеллект қосымшасын жасады
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістандық оқушы жасанды интеллект қосымшасын жасады,деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

10-сынып оқушысы Жансерік Камал он үш жасынан бастап смартфонның кең мүмкіндіктерін меңгерген. Ол өткен жылы ғылыми жобалар байқауына өзінің "Жарық" атты жасанды интеллект мобильдік қосымшасын жасап, ұсынды. Ол үш тілде қызмет көрсетеді және қосымша дыбыстық хабарламаларды жазбаша мәтінге айналдырады және сұрақтарға қазақша жауап бере алады.

Сарыағаштық жігіт жасаған қосымшаны Google Play Market-тен жүктеп алуға болады. 

Бұл оның алғашқы жобасы емес. Бұрындары ол демалыс орындарына келген қонақтарға сусын жеткізуші роботтың макетін ұсынған. "Қолқанат" деп аталатын робот  "Arduino UNO" платформасы арқылы жұмыс жасап, арнайы сайт  арқылы қазақ тілінде сөйлей алатын еткен екен.

Түркістандық оқушы жасанды интеллект қосымшасын жасады
Өзгелердің жаңалығы