Түркістандық оқушы әлемнің үздік 30 университетіне шақырту алды

Кеше, 17:43
204
Бөлісу:
Түркістандық оқушы әлемнің үздік 30 университетіне шақырту алды
Фото: BAQ.KZ архив

Түркістан облысы Арыс қаласындағы Абай атындағы "Білім инновация" ер балалар лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Ерасыл Жүнісбек әлемнің үздік 30 университетінен шақырту алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ал Ерасылдың сынып жетекшісі бұл қажырлы еңбек пен үздіксіз ізденістің арқасы екенін айтады.

Ерасылдың табысы біздің лицей оқушыларының әлеуетінің жоғары екенін көрсетіп, болашақ түлектерге үлкен жігер сыйлайды. Бұл – қажырлы еңбектің, білімге деген құштарлықтың және табандылықтың нәтижесі. Ерасылды осы керемет жетістігімен құттықтаймыз. Алдағы уақытта биік белестерді бағындыруына тілектеспіз, - дейді сынып жетекшісі Мақсат Темірхан.

Түркістандық оқушы әлемнің үздік 30 университетіне шақырту алды
Кейіпкердің мұрағатынан

Айта кетейік, шақырту жіберген 30 университеттің қатарында City University of Hong Kong, American University of Beirut, University of Colorado Boulder, Drexel University, Temple University, DePaul University, Xavier University сынды АҚШ мемлекетінің жоғарғы оқу орындары бар. Сондай-ақ, Ұлыбританияның University of Leeds, Queen Mary University of London, University of Glasgow сынды білім ордалары арыстық оқушыны өз қатарларынан көргісі келеді.

Лия Сауытова

Өзгелердің жаңалығы