Түркістандағы зорлау ісі: Жәбірленуші мен адвокат жалған жауап үшін сотталды

Прокуратура дерегінше, жәбірленуші күдіктіні жауапкершіліктен құтқару үшін бастапқы шынайы жауабынан бас тартып, жалған жауап берген.

 ©BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов Кеше 2026, 18:48
Кеше 2026, 18:48
128
Фото: ©BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов

Түркістан облысында жәбірленушіні жалған жауап беруге итермелеген адвокатқа үкім шықты. Адвокат 5 жылға бас бостандығынан айырылса, әйел 6,5 жылға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, бұған дейін зорлау ісі бойынша жәбірленуші негізгі сот талқылауы кезінде күдіктіні қылмыстық жауапкершіліктен босату мақсатында бастапқы шынайы жауабынан бас тартып, көрінеу жалған жауап берген.

Осыған байланысты арнайы прокурорлар жәбірленушіге қатысты ҚР ҚК-нің 420-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізген. Тергеу барысында бұл әрекетке оны адвокат итермелегені анықталған.

Прокуратура органдары азаматтарды қылмыстық процесс барысында тек шынайы жауап беруге шақырады. Көрінеу жалған жауап беру заңда көзделген қатаң жауапкершілікке әкеледі.

Наверх