Түркістандағы "Жасыл белдеуде" ағаш отырғызу жұмыстары жүріп жатыр

13 Қараша 2024, 17:41
265
Бөлісу:
Түркістандағы "Жасыл белдеуде" ағаш отырғызу жұмыстары жүріп жатыр
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан қаласының айналасына «Жасыл белдеу» қалыптастыру ісі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2019 жылы басталған, деп хабарлайды BAQ.KZ Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімінің тұрақты бақылауының нәтижесінде бүгінге дейін 28 335 гектар жер мемлекеттік орман қоры санатына ауыстырылып, 17 019 га жерге ағаш көшеттері отырғызылды.

«Жасыл белдеуде» күзгі ағаш отырғызу барысын бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков аралап тексерді.

Қазіргі таңда әуежай бағытындағы жолдың бойы жаңа көшеттермен толықтырылуда. Мұнда 252 га жер толықтай тамшылатып суғару жүйесіне қосылған.

Түркістандағы "Жасыл белдеуде" ағаш отырғызу жұмыстары жүріп жатыр

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиевтің мәлімдеуінше, топырақ құнарын арттыру үшін минералды және органикалық тыңайтқыштар қолданылып, ағаштардың өсіуіне және жерсінуін арттыруға жағдай жасалған.

Көшеттердің тек саны мен сапасына ғана емес, оның егілуіне де мән беру керек. Тереңдігі, тамырының орналасуы, барлығы бақылауда болуы тиіс. Ауа райының ерекшелігін есепке алып, ағаштардың жерсіну көрсеткішін көтеруге күш салу қажет, - деді  Нұрбол Тұрашбеков.

Өзгелердің жаңалығы