Түркістандағы жәрмеңкеде 257 млрд теңгенің келісімі бекітілді

27 Наурыз 2023, 13:45
1466
Бөлісу:
Түркістандағы жәрмеңкеде 257 млрд теңгенің келісімі бекітілді
PHOTO
Фото: Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы

Түркістан облысында бүгінгі таңда 71327-ден астам агроқұрылым және 257 мыңнан астам үйіргелік шаруа қожалығы бар, деп хабарлайды осы аймақтағы BAQ.KZ агенттігінің тілшісі. 

Түркістандағы жәрмеңкеде 257 млрд теңгенің келісімі бекітілді

Жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін нарыққа қалай шығаруда? Облыста өтетін халықаралық сауда жәрмеңкелері бұған қалай ықпал етіп жатыр? Осы және басқа да сауалдар төңірегінде біз аймақтағы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаевпен аз-кем сұхбаттасқан болатынбыз.  

Түркістандағы жәрмеңкеде 257 млрд теңгенің келісімі бекітілді

– Асылан Сейілбекұлы, жуырда облыста тұңғыш рет «KazAgro/KazFood Turkistan2023» I-ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі болып өтті. Аталған жәрмеңкенің мақсаты мен артықшылығын айта кетсеңіз? 

– Иә, оңтүстік өңірінің халқы сауда мен кәсіпке бейім. Наурыз мерекесінің қарсаңында өңірімізде бірінші рет «KazAgro/KazFood Turkistan2023» халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі Түркістан қаласындағы «Karavan Saray» кешенінде болып өтті. Бұл көрме-жәрмеңке халықаралық «Expo Group» компаниясы мен сондай-ақ еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Көрме-жәрмеңкенің мақсатын айта кетсем, қатысушы кәсіпкерлердің бір-бірімен өзара іскерлік байланыстар орнатуына, одан бөлек ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және қызмет көрсету салаларын дамытуға бағытталды. Өзіңіз білесіз, соңғы жылдары «Қазақстанда жасалған» деген ұлттық брендті қалыптастыруға қатты көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, ол тауарларды өзімізде ғана емес, өзге елдердің де нарығына шығаруды көздейтініміз жасырын емес. Басты міндет – отандық тауар өндірушілерді осындай жәрмеңкелер барысында басын біріктіру, олардың өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарда ілгерілетуге қол ұшын созу, себепкер болу. Ал осындай жәрмеңкенің артықшылығына келсек, «KazAgro/KazFood Turkistan2023» халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесінде отандық тауарлармен және де түрлі қызметтермен танысуға, олардың өндірушілерімен немесе жеткізушілерімен көзбе-көз танысуға мүмкіндіктер беріледі. 

Түркістандағы жәрмеңкеде 257 млрд теңгенің келісімі бекітілді

– Жәрмеңке барысында қанша өнім түрлері ұсынылды?  

– Айта кетейін, Түркістан облысы – Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішінде жетекші өндіруші екені шындық. Жәрмеңкеге жүзге жуық жергілікті және шетел кәсіпкерлерінің өнімдері ұсынылды. Бұл іс-шара фермерлерге отандық өнімдерді, жабдықтарды өндірушілер, сондай-ақ оларды жеткізушілермен және бөлшек саудагерлермен тығыз іскерлік байланыстар мен серіктестік қатынастар орнатуға мүмкіндік беріп отыр.

– Жәрмеңкені ұйымдастырып, оны өткізесіздер. Дәл сол жәрмеңкеде қандай келісімдерге қол жеткізе алдыңыздар? 

– Осы жәрмеңке аясында өткізілген форумда келіссөздер мен тәжірибе алмасу туралы да сөз болды. Әрине біздің мақсат облыстың агросаладағы табысын арттыру. Жәрмеңкеге қатысқан шетелдік және жергілікті тауар өндірушілер ауылшаруашылығына қатысты салада 257 миллиард теңгені құрайтын он келісімге қол жеткізілді. Осы он меморандумның ішінде Отырар мен Шардара ауданында жүгері зауытын салуды, Арыс қаласы мен Сайрамда ет өнімін жетілдіру, Мақтааралда әрине мақта кластерін дамыту, одан бөлек қызанақ пен май шығаратын комбинаттарды да жолға қою мәселесі ұмыт қалмады. Жалпы, Өзбекстан мен Қырғызстанмен іскерлік байланысты күшейтуге, аталғна елдерге ет пен басқа да отандық тауарларды жеткізу, ал «Түркістан» индустриалды аймағынан киім шығару жобасы да меморандумға енгізілді. 

Түркістандағы жәрмеңкеде 257 млрд теңгенің келісімі бекітілді

– Көрме аясында шетелдіктермен тәжірибе алмасатыны жайлы айтып қалдыңыз. Ендеше алдағы уақытта қай мемлекеттерге бару, тәжірибе алмасу жоспарланып отыр?

– Көрме аясында өткен форум жемітсті болды. Айталық, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерімен тәжірибе алмасу бағытында мемлекетаралық келісімге қол қойылып, тауар өндірушілер өз өнімдерін  өңірлік нарыққа шығаруға мүмкіндік алды. 

Түркістандағы жәрмеңкеде 257 млрд теңгенің келісімі бекітілді

– Жалпы, Түркістан облысында агросала қалай дамып келеді? Идеясы озық кәсіпкерлердің жобалары қолдау тауып жатыр ма?

– Жаңа сөзімде айтып өткенімдей, оңтүстіктің ауа райы жергілікті шаруаларға да, кәсіпкерлерге де өте қолайлы аймақ. Сондықтан да болар өңірімізде 74 мыңдай агроқұрылым бар. Түркістанда миллионға жуық ауыл халқының тыныс-тіршілігі осы агро шаруашылығымен тығыз байланысты. Оның үстіне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде агросаланың болашағы зор екеніне сенім артқан болатын. Қазір Түркістан өз алдына облыс ретінде бөлініп шыққалы агроөнеркәсіптік кешен тұрақты дамып келеді. Қазақстандықтарды жергілікті өнімдермен қамтуда барысында да Түркістан алда келеді, мәселен көкөніспен 25 пайыз, мақтамен 100 пайыз, жүзіммен 76 пайыз, 40 пайыз жеміс-жидекпен, 29 пайыз мақсары дақылымен, жүгері 26 пайыз, бақша өнімдерімен 64 пайыз қамтып келеді. Сондай-ақ, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен биыл 2023-2027 жылдарға арналған облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамытудың тұжырымдамасы әзірленді. Осы жоба бойынша алдағы бес жыл ішінде күнгейде агросала бойынша өндірілген өнімдердің көлемі мен еңбек өнімін екі есе ұлғайтуға, ал ауыл шаруашылығы саласына инвестицияны алты есе көп тартуға, қайта өңделген өнімдерді сыртқа шығаруды екі-үш есе арттыруды жоспарлап отыр. Түркістан облысының агрокешеніне 54,3 миллиард теңге тартылып, яғни 123,1 % ұлғайды. Ал тамақ өндірісінің негізгі капиталына 6,0 миллиард теңге инвестиция тартылып 114,9 % ұлғайды. Агросаладағы өнім көлемі 741,5 миллиард теңгеге жетіп, өткен жылдан 68,0 миллиард теңгені құрады. Жыл қорытындысы бойынша барлық өнім 2022 жылға қарағанда  100 миллиард теңгеге ұлғайып, бір триллион теңгеге, нақты көлем индексі 102 % жеткізілетін болады. 

– Сұхбатыңызға рахмет! 

Өзгелердің жаңалығы