Түркістанда жылыту маусымына дайындық барысы пысықталды

29 Қыркүйек 2023, 03:30
650
Бөлісу:
Түркістанда жылыту маусымына дайындық барысы пысықталды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстары талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған дейін облыс орталығындағы І және ІІ мөлтек аудандарында 75, ал «Отырар» мөлтек ауданында 49 және Әкімшілік-іскерлік орталығында 98, жалпы көпқабатты 222 тұрғын үй орталық жылу қуатымен қамтылған. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков аталған мәселе аясында пысықтау жұмыстарын жүргізді.

Түркістанда жылыту маусымына дайындық барысы пысықталды

Қала бойынша жылу мекемесі орталық қазандық, «Отырар» мөлтек ауданында, Рухани-мәдени орталық және Әкімшілік-іскерлік орталықтарында 14 модульді қазандық блоктарымен жұмыс істейді. Сондай-ақ 2023–2024 жылғы жылу беру маусымына қосымша тағы 3 модульді қазандық блоктары іске қосылады деп күтілуде.

Жылу беру маусымында кәсіпорындар толықтай табиғи газ отын түрін пайдаланады. Осы бағытта табиғи газбен қамтылған «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамымен келісімшарт жасалған. Аталған жұмыстарға қатысты мекеме басшысы Ерғазы Рысбеков пікір білдіріп, орталық жылу трассасының жылыту маусымына толықтай дайын екенін жеткізді, - деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістанда жылыту маусымына дайындық барысы пысықталды

 

Өзгелердің жаңалығы