Түркістанда жыл басынан бері бесінші үшем дүниеге келді

25 Мамыр 2021, 21:04
2994
Бөлісу:
Түркістанда жыл басынан бері бесінші үшем дүниеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Түлкібас ауданында үшем дүниеге келді.

37 жастағы Назипа Янгибаева № 1 Облыстық перинаталдық орталығында екі қыз бен бір ұл босанды. 

Жаңа туған нәрестелерге Әдемі, Ислам, Самира есімдері берілді. 

Мерзімінен ерте туылған үшемдер перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Бүгінде медицина қызметкерлерінің көмегімен сәбилер салмақ қосып, денсаулық жағдайы жақсаруда. Әзірге үшемдердің қашан шығатыны белгісіз, - делінген хабарламада.

Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының бір ұл мен екі қызы бар. Көпбалалы ана үй шаруасында отырған әйел. Ал, отағасы көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді.

Былтыр №1 Облыстық перинаталдық орталығында 8746 сәби дүниге келді. Жыл басынан бері 3108 нәресте туылған. Оның 72 егіздер болса, екеуі үшем. Орталық дәрігерлері әр жыл сайын жүздеген шала туған нәрестелердің өмірін сақтап қалуда.

Өзгелердің жаңалығы