Түркістанда «Жеті Тандыр» дәмханасы өртенді

16 Маусым 2022, 13:35
2446
Бөлісу:
Түркістанда «Жеті Тандыр» дәмханасы өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының өрт сөндірушілері  «Жеті Тандыр» дәмханасындағы өртті оқшауланды.

Бұл туралы  ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

16 маусымда сағат 11:48-де Түркістан қаласында екі қабатты «Жеті Тандыр» дәмхананың екінші қабатында өрт шыққан.  Алдын ала мәлімет бойынша өрт 400 шаршы метрді шарпып, ғимараттың шатырына өткен. Өрт сағат 12:50-де оқшауланды. Өрт көлемі нақтыланып жатыр, - делінген хабарламада.

Оқиға орнынжа жедел штаб ұйымдастырылды. 

Әкімшіліктің айтуынша, өрт сөндірушілер келгенге дейін келушілер ғимараттан өздігенен шығып кеткен. 
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. 

Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының 28 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы