Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркістанда ұлынан таяқ жеген қарияның денесі қайта қазып алынды

16 Қыркүйек 2025, 11:05
2030
Бөлісу:
 видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Түркістан облысының Шардара ауданында өз әкесін соққыға жыққан ер адамның ісіне байланысты марқұмның денесі эксгумацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Есіркеп Садақбаев 3 қыркүйекке қараған түні көз жұмған. Ол тірі кезінде дәрігерлердің бақылауында болған, оған «жүректің гипертензиялық ауруы» және «омыртқа остеохондрозы» диагноздары қойылған. Ал алған жарақаттары бойынша дәрігерлерге жүгінбеген.

Туыстары дер кезінде өлім фактісі туралы хабарламағандықтан, медицина қызметкерлері өлімді растайтын анықтама бере алмады. Қазір мәйіт эксгумацияланып, сараптама жүргізілуде. Қорытындысы кейін қосымша жарияланады, – деп мәлімдеді ведомстводан.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған азамат қамауға алынғанын хабарладық. 

Сондай-ақ, ер адамның өз әкесіне деген қатыгездік көрсетуіне психологиялық тұрғыдан не себеп болуы мүмкін екенін психолог маманнан сұрастырдық. 

Одан кейін әкесін өлімші етіп ұрған ер адамның әйелінің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. 

Өзгелердің жаңалығы