29 қазанда Түркістан қаласында тұңғыш рет қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық спортты дамыту мақсатында өтетін дәстүрлі турнирге Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері – Түркия, Түркіменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан балуандары қатысады.
Кубок “командалық бетпе-бет” олимпиадалық жүйесі бойынша өтеді.
Балуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90 келіге дейін және 90 келіден ауыр салмақ арасында белдесетін болады.
Тікелей эфирді Qazsport пен TRT Avaz телеарналарынан көре аласыздар.