Түркістан облысының «Turan» арнайы экономикалық аймағында толық циклді тоқыма өнімдерін өндіретін мақта агроөнеркәсіптік кешені іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Түркістан тоқыма» ЖШС (Kazakhstan Lihua) жіп иіру және мата өндіруге маманданған ірі өндірістік нысаны өз жұмысын бастады.
Жобаның жалпы құны 86,2 млрд теңге, құрылыс 2024 жылы басталып, алғашқы кезеңі биыл іске қосылды. Кешен толық қуатына шыққаннан кейін жыл сайын 11,4 мың тонна жіп, 47,3 млн шаршы метр мата, 2 млн төсек-орын жиынтығы және 4 млн көрпе өндіріледі.
Жоба отандық жеңіл өнеркәсіптің импортқа тәуелділігін төмендетіп, ішкі нарықты сапалы қазақстандық өніммен қамтамасыз етуге, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.
Келесі үш өндірістік кезең 2026 жылдың желтоқсанына дейін аяқталады.