Түркістандағы Ясауи музейінде қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы әрі мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Сәкен Сейфуллин: тағдыр мен тағылым» көрмесі ашылды.
Экспозиция үш бөлімнен тұрады. Онда қаламгердің балалық және жастық шағы, мемлекеттік және қоғамдық қызметі, әдеби мұрасы қамтылған.
Көрмеге ақынның жеке заттары, сирек фотосуреттері, қолжазбалары, тарихи құжаттары мен шығармаларының алғашқы басылымдары қойылған. Келушілер арасында «Ундервуд» жазу машинкасы, қойын дәптері, алтын қалта сағаты және отбасында қолданылған тұрмыстық бұйымдар бар.
Сондай-ақ көрмеден 1927 жылы жарық көрген «Тар жол, тайғақ кешу» романының алғашқы басылымын, «Асау тұлпар», «Жер қазғандар», «Өткен күндер» шығармаларының сирек нұсқаларын көруге болады.
Іс-шараны Сәкен Сейфуллин музейі мен «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырды. Көрме 9 қарашаға дейін жалғасады.