Түркістанда педагогтар індетке қарсы вакцина алып жатыр

10 Наурыз 2021, 17:42
1834
Бөлісу:
Түркістанда педагогтар індетке қарсы вакцина алып жатыр
PHOTO

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысында ұстаздар қауымы коронавируске қарсы вакцина ала бастады. Бүгінде өңірге «Спутник V» вакцинасының 9900 дозасы жеткізілген. Қазірге дейін 435 мұғалімге ковидке қарсы вакцина салынды.

Айта кетейік, жалпы республикада індетке қарсы егу науқаны 1 ақпанда басталған болатын. Түркістан облысы бойынша 5636 адам коронавируске қарсы егілді.

Түркістанда педагогтар індетке қарсы вакцина алып жатыр

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Нұрхан Нарымбетованың айтуынша, наурыз айының ортасында облысқа тағы да 8600 мың доза вакцина жеткізіледі. Вакцинация еріктілер мен 18 және 60 жасқа дейінгі жас санатындағы азаматтарға арналған. Бірінші кезекте екпені дәрігерлер, педагогтар, полиция қызметкерлері алды.

Түркістанда педагогтар індетке қарсы вакцина алып жатыр

Түркістан облысы бойынша қазіргі таңда 5636 вакцина салынды яғни 60 пайыздайы орындалды. Соның ішінде 435 мұғалім, 163 полицей екпе алды. Қалған 4478 медицина қызметкері. Негізінде Түркістан аймағы бойынша берілген мұғалімдер саны 6000-ға жуық екен. Оның ішінде көрсеткіші бар, көрсеткіші жоқ, педагогтар іріктелініп алынады. Атап айтқанда, денсаулығы жақсы, «Д» есебінде тұрмайтындар, емізулі және жүкті әйелдер болмауы керек. Жалпы біз әлі педагогтарды толық қамтыған жоқпыз. Вакцинаны тек наурыз айында ғана емес, әрі қарай мамыр мен маусым айларына дейін жалғастырып, кезек-кезек саламыз. Ал вакцинаны салдыру міндетті ме деген мәселеге келсек, мұғалімдер алуы керек деп ойлаймын. Себебі, олар білім ошақтарында үнемі бала тәрбиесімен айналысады, балалармен, ата-аналармен  байланысқа түседі. Сол себепті басқа адамға жұқтырмайтындай денсаулығы жақсы, ауырмауы керек деген ойдамын, - деді Нұрхан Нарымбетова.

Киелі өңірде COVID-19-ға  қарсы вакцинация 2021 жылдың соңына дейін жалғасады. Бұл халықтың 45-50%-ын қамтиды деген сөз. Жалпы, КВИ-дің 4334 жағдайы тіркелді, олардың 2785-і симптомсыз өтті. Жұқпалы аурулар ауруханаларында барлығы 610 орын бар, олардың 536-сы еркін. Ал соңғы тәулікте коронавирустық инфекцияның 3 жағдайы тіркелді.

Түркістанда педагогтар індетке қарсы вакцина алып жатыр

Вакцина салдыруға өз еркімен қатысқан Түркістан облыстық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің кабинет меңгерушісі Мейіржан Ділдәханұлы ешқандай да қорқыныш болмағанын айтып бөлісті.

Мен өз еркіммен вакцина қабылдап шықтым,  ешқандай қорқыныш болған жоқ. Осы жердегі медицина қызметкерлері вакцина салып болғаннан кейін қалай сақтану керек, ережесінің бәрін  түсіндірді. Ол кісілердің түсіндіруі бойынша екпеден кейін осы жерде жарты сағат отыру керек, себебі олар нәтижесін көреді. Бәрі ойдағыдай. Басқа әрптестерімнің барлығын вакцина қабылдауға шақырамын. Жалпы бұл педагогтар мен азаматтардың бәріне  қажет. Індетті вакцинаны қабылдаған жағдайда ғана жоя аламыз. Педагогтар  оқушылармен, ата-аналармен етене жұмыс істегендіктен, қабылдау қажет деп ойлаймын,  - деді Түркістан облыстық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің кабинет меңгерушісі Мейіржан Әзірбеков.
Еске сала кетейік, қазір вакцина алған мұғалімдер екінші рет қайтадан 21 күннен кейін келіп тағы да  вакцина алып кетеді.
Өзгелердің жаңалығы