Түркістан қаласында мұнай базасының аумағында өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Саттарханов көшесінде орналасқан нысаннан түскен қоңыраудан кейін белгілі болды. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт жанғыш зат сақталған ыдыстардың бірінен басталып, тез тарала бастаған.
Құтқарушылар жедел жетіп, өртті қысқа уақытта оқшаулап, толық сөндірді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
ТЖМ өрттің нақты себебін анықтап жатыр.