Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркістанда мектеп оқушылары арасындағы жанжал өліммен аяқталды

12 Қараша 2025, 02:33
563
Бөлісу:
 Архив
Фото: Архив

Түркістан қаласындағы мектептердің бірінде 3 қараша күні 9-сынып оқушылары арасында болған жанжал қайғылы жағдайға ұласты. Бір оқушы сыныптасынан алған соққыдан көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнына жедел-тергеу тобы барған. Алдын ала дерек бойынша, екі оқушы арасында кикілжің туындап, олардың бірі сыныптасын кеуде тұсынан ұрған. Салдарынан зардап шеккен жасөспірім сол жерде көз жұмған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті және оқиға кезінде болған барлық жасөспірімдер ұсталды. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, – делінген ведомство хабарламасында.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ аудандық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы