Оқу-ағарту министрлігі Түркістан облысындағы ер адамның балаларды тепкен видеосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің жеке басы анықталды. Ол балалардың өгей әкесі болып шықты.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Оқу-ағарту министрлігі өкілдерінен ер адамның кішкентай балаларды тепкен видеосын көрген-көрмегенін сұрап, уәкілетті органның қандай шара қолданғанын сұрады.
Кеше бізге Түркістан облысында өгей әкенің осындай әрекетке барғаны туралы ақпарат түсті. Біз видеоны көрдік. Осы фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, полицейлер оны тауып, тиісті шара қолданылып жатыр, - деді департамент өкілі.
Түркістанда ер адам кішкентай бүлдіршінді тепкілеп тастаған болаты.